$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 02:26
Экономика

Тоқаев: Инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне жеңілдіктер жасалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті

Тоқаев: Инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне жеңілдіктер жасалады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту және екі елдің іскерлік байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Германия әлемде төртінші ірі экономика болып саналады. Алайда, біздің елге салынған инвестиция көлемі бойынша 12-орында. Қазақстанға инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер жасауға ниеттіміз. Бізде арнайы экономикалық аймақтар бар. Сондықтан оларға ерекше жағдай жасаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Герхард Шрёдер Қазақстанның инвесторлар тартуға бағытталған шараларына оң баға беріп, экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсынысын айтты.

Белгілі саяси қайраткердің пікірінше, Қазақстан немістің ірі компанияларына ғана көңіл бөліп қоймай, сондай-ақ, Германияның шағын және орта бизнесінің әлеуетін де ескеруі қажет.

Айта кетейік, Германияға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел канцлері пен Ангела Меркельмен кездесті. Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті.

Серіктес жаңалықтары