$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2019, 18:44
Экономика

ЕАЭО рейтингі: өнеркәсіп саласында Армения мен Қырғызстан тағы да Қазақстанның алдына шықты

Өнеркәсіп өндірісі бойынша Беларусь ЕАЭО-ға мүше елдердің арасында аутсайдер мемлекет

ЕАЭО рейтингі: өнеркәсіп саласында Армения мен Қырғызстан тағы да Қазақстанның алдына шықты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,5%-ға артып, Еуразиялық Экономикалық Одақ мүше елдердің арасында Беларусь және Ресей мемлекеттерінің алдына шықты. Алайда, бұл көрсеткіш бойынша Армения мен Қырғызстан елдері алғашқы сатыда. Бұл туралы LS хабарлайды.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша, еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан. Одақтың статистикасы бойынша, Қырғызстандағы өсім 14%-ды, Армениядағы өсім 8,8%-ды көрсетіп отыр. Ал, Беларусь пен Ресейде 0,6% және 2,7% ғана өсім болған. Жалпы алғанда, ЕАЭО бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7%-ға артқан.

Тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіш бойынша да Армения (20,5%) мен Қырғызстан (15,9%) ЕАЭО-ға мүше елдердің арасында көш басына шықты. Үшінші орында - Қазақстан (3,7%), төртінші орында - Ресей (3,4%), бесінші орында - Беларусь (0,5%).

Өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіш те тау-кен саласындағыдай: Қырғызстан - 17%, Армения - 8%, Қазақстан - 3,3%, Ресей– 2,4%, Беларусь – 0,7%.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан төртінші орында болған, енді 10 айдың нәтижесі бойынша үшінші орынға көтерілді.

Серіктес жаңалықтары