$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2019, 11:46
Экономика

Ұлттық қордағы қаражат $1,3 миллиардқа артты

Түсім былтырғы жылдан 2,3 %-ға көп

Ұлттық қордағы қаражат $1,3 миллиардқа артты

9 айдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың активтері 1,3 миллиард АҚШ долларына өскен. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.  Сөйтіп, қыркүйек  қор активтері 59,34 млрд $-ды құрады. 2018 жылы осы уақытта қорда  57,99 млрд  АҚШ доллар болған.

Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың активтерін  жекешелендіру туралы жарлыққа  қол қойған болатын. Құжатта қор активтерін жоспарлы түрде бөліну диверсификация саясатының жалғасы екені айтылған. Сондай ақ, жарлықта енді қор активтерін консервативті түрде бөлуден жаңа үйлестірілген бөлу түріне өтетініміз көрсетілді. Бұрын активтердің 80%-ы облигация, 20%-ы акция түрінде сатылса, енді 60%ы облигация, 30%-ы акция түрінде сатылып, 5%-ы алтын түрінде өткізілетін болды. Тағы да 5%ға баламалы әдістер қарастырылуда. Мемлекет осылайшы қор табысын едәуір арттыруды көздейді.

Активтерді үйлестірілген жаңа бөлу түрі 2019 жылдың екінші жартысында енгізіліп, тамыз-қыркүйек айларында 200475,43 және 199866,28 унция алтын (1 унция – 29,8 грамм) сатып алынған. Сөйтіп алтын портфелінің нарықтағы бағасы 595, 5 млн $-ға жетті.

Еске салсақ, биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев жаңа бюджеттік ереже енгізіліп, Ұлттық қор қаржысын пайдалану тәртібі күшейетінін мәлімдеді. Ол осылайша қорды сақтап қалу шарасын жүзеге асырмақ. Жалпы көрсеткіштерге  келсек, соңғы 5 жылда Ұлттық қорға түскен қаржы көлемі – 10,2 трлн теңге. Ал республикалық бюджетке кепілдендірілген және мақсатты трансферттер  түрінде 14,9 трлн теңге аударылған.

Серіктес жаңалықтары