Қазақстанда шоколад бағасы қымбаттады

Azattyq Rýhy
04.12.2019, 12:03

Елімізде өндірілетін шоколадтың жартысынан астамы Алматыға тиесілі

Шоколад пен қанттан жасалатын кондитерлік өнімдер өндірісі 6,3% - ға төмендеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі energyprom.kz – ке сілтеме жасап.

«2019 жылдың қаңтар-қазан айларында шоколад және кондитерлік өнімдер мен қант өндірісі 81,2 мың тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға кем. Өндірістің құлдырауы екінші жыл қатарынан байқалады: 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 2017 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға, яғни, 86,7 мың тоннаға дейін қысқарған», - делінген хабарламада.

Жалпы 2018 жылы сектордағы шығарылым 103,9 мың тоннаға жеткен. Бұл 2017 жылға қарағанда 11,1 пайызға аз.

Барлық өндірілген шоколад пен одан жасалатын бұйымдардың жартысынан астамы Алматыға тиесілі - 41,4 мың тонна.

Екінші орында Қостанай облысы: 28,2 мың тонна, бұл барлық өндіріс көлемінің үштен бір бөлігі. 

«2018 жылдың қазан айында шоколадқа тұтыну бағаларының индексі 108,8 пайызға тең болды. Айта кетерлігі, бір жыл бұрын қазан айында бағалар бірдей өсті: бір жыл ішінде 8,9 пайыз. Соңғы жылдары тиісті айда шоколад бағасының өсуі 2016 жылы байқалды, қазан айының қорытындысы бойынша шоколадтың жылдық қымбаттауы шамамен 23 пайызға жетті», - делінген хабарламада.
 

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Қара алтын «қарғысы»: Қарашығанақта мұнай 7 жылдан кейін таусылады
Америкалық «Tyson Foods» компаниясы Қазақстанда ет өндірісімен айналысатын болды
Қазақстан банктерге көмек ретінде 1 млрд доллар жұмсамақ - Reuters

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді