Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады
Баға өсімі жағынан көшбасшы – елорда

2020 жылдың қазан айында жаңа үйлердегі пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен, 305,3 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға қымбат. Ал, бір айда (қыркүйекпен салыстырғанда) баға 0,5 пайызға артып отыр, деп жазады Finprom.kz.
Бағаның айтарлықтай шарықтауы елордада тіркелді: мұнда жаңа баспананың бір шаршы метрі 6 пайызға қымбаттап, 388,8 мың теңгені құрады. Екінші орында Алматы – 360,1 мың теңге (+2,6%), үшінші орында Шымкент – 333,3 мың теңге (+2,2%) және Атырау – 326,1 мың теңге (баға өзгермеген).
Ал екінші деңгейлі нарықтағы дайын үйлердің құны 11,1 пайызға қымбаттаған – мұнда әр шаршы метрі үшін 220,7 мың теңге. Бұл нарықта да ең қымбат баспана елордада – шаршы метріне 375,6 мың теңге (+4,3%), Алматы – 370,7 мың теңге (+1,1%), Атырау – 264,2 мың теңге және Ақтау – 249,3 мың теңге.