$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 10:00
Экономика

Қазан айында қазақстандықтар 3 мың дана алтын құймасын сатып алған

2017 жылдан бері ел тұрғындарының сатып алған алтын құймалары 1,37 тоннаға жетіп отыр

Қазан айында қазақстандықтар 3 мың дана алтын құймасын сатып алған
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінен алтын құймаларын сатып алуын жалғастыруда. Тек соңғы қазан айының өзінде ел тұрғындары 3066 дана құйма (127,6 келі) сатып алған, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Жалпы, 2017 жылдан бері 1,37 тоннаны құрайтын 37 754 құйма сатылыпты.

«Алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Ең көп сатылғаны – 10 грамдық құйма. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 25%, яғни 9 505 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 8 524 дана (23%), 20 грамдық – 8 514 дана (22%), 5 грамдық – 6 667 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 4 544 дана (12%)», - делінген аталған хабарламада.

Құймаларды сатып алу жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр (сатылған құймалардың жалпы санынан 53%), одан кейін Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (23%) тұр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#алтын