ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Елордада Энергия үнемдеуге байланысты халықаралық форум өтеді

29 қарашада Қазақстанның астанасында II халықаралық форум өтеді

29 қарашада Қазақстанның астанасында Халықаралық энергия үнемдеу күніне (11 қараша) арналған II халықаралық форум өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Форумның мақсаты – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мәселелерді талқылау үшін жыл сайынғы басты диалог тұғырнамасын нығайту.

Форум жұмысына халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың, бизнес-құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Халық арасында энергия үнемдеуді танымал ету мақсатында форум ұйымдастырушылары «Энергия үнемдеу балалар көзімен» балалар суреттерінің республикалық конкурсын және мемлекеттік ұйымдар арасында «Ең үздік энерготиімді бюджеттік мекеме» атағына конкурс жариялады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 10-25 қарашасы аралығында өтеді.

Форумды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұйымдастырды.