18.11.2019, 12:11
Экономика
Қаратаудан мұнай табылды
Геологтар аймақта мұнайдың кені болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
«Еліміздің оңтүстігінде мұнайдың белгілері табылды. Бұл ол жерде тезірек барлау жұмыстарын бастауды міндеттейді. Зерттеу барысында отандық геологтар мұнайдың беткі қабықшаларын байқап отыр. Сондықтан жақын уақытта ол жерлерді бұрғылап, мұнайдың қорын іздеуге кірісеміз»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.
Министрдің сөзіне қарағанда, мұнай қорының көлемін анықтау үшін Түркістан облысы Қаратау аймағында жұмыстар басталады. Бұл жұмыспен «Қазгеология» АҚ айналысады.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды