Салымшылардың 56 пайызы ақшасын ұлттық валютада сақтайды
2019 жылғы қыркүйектің соңында қазақстандықтардың банктік салымдары 8,8 триллион теңгеге жеткен
2019 жылғы қыркүйектің соңында қазақстандықтардың банктік салымдары өткен жылға қарағанда 4,2 пайызға артып, 8,8 триллион теңгеге жеткен. Тиісті кезеңде (қыркүйектен қыркүйекке дейін) соңғы бес жылда орташа алғанда салымдар 15,5 пайызға өсіп келеді, бұл халықтың әл-ауқатының өскенін көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Бұл басқа көрсеткіштер бойынша да байқалып отыр: үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалақы бір жылда 12 пайызға, яғни 191,1 мың теңгеге дейін, ал үй шаруашылықтарының табыстары екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 10,7 пайызға, 579 мың теңгеге дейін өсті.
Банктердегі жинақтардың жоспарлы өсуі ұлттық валютаға сұраныстың артуымен қатар жүреді, бұл маңызды факт. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге жинақ ақшасының негізгі валютасы болып саналады. Бұл ретте барлық салымдардың 55,6 пайыз (4,9 триллион теңге) ұлттық валютада сақталады. Ал шетел валютасындағы салымдар, өз кезегінде, 44,4 пайыз (3,9 триллион теңге) болды. Мұндай жоғары көрсеткіштерге дейін теңгелік салымдардың үлесі соңғы жылдары артты. Мысалы, банктер ұсынатын теңгедегі депозиттердің орташа ставкасы 9,2 пайыз деңгейінде, ал валюталық салымдар бойынша ставка - 1 пайыз.
Корпоративтік сектор да ұлттық валютаға деген қызығушылықты арттырады. Осы жылдың қыркүйек айының соңында заңды тұлғалар салымдарының сомасы 6,7 триллион теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,5 пайызға артық. Салымдардың теңгелік бөлігі 2018 жылғы 47,8 пайыздан 2019 жылы 51,2 пайызға дейін ұлғайды. Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары, өз кезегінде, жылына 5,2 пайызға қысқарып, 3,3 триллион теңгені көрсетті. Үлес 52,2 пайыздан 48,8 пайызға дейін төмендеді.