$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2019, 12:39
Экономика

ҚТЖ неміс мамандарының көмегімен 3 млрд теңге үнемдемек

Ұлттық компания шығындарды азайтуды «Deutsche Bahn» неміс компаниясы мамандарының көмегімен жүзеге асыруды көздеп отыр

ҚТЖ ұлттық компаниясы «Тальго» вагондарына көрсетілетін қызметтен 2020 жылдың соңына дейін 3 млрд теңге көлемінде қаржы үнемдеуді жоспарлап отыр.

Ұлттық компания шығындарды азайтуды «Deutsche Bahn» неміс компаниясы (теміржол операторы) мамандарын тарта отырып жүзеге асыруды көздейді.

«Біз бүгін Қазақстанда қолданыста жүрген «Тальго» вагондарына қызмет көрсететін испандық «Patentes Talgo» сервистік компаниясымен келісім-шартқа отырдық. Келісім нәтижесі бойынша, «Patentes Talgo» немістің «Deutsche Bahn» компаниясымен бірігіп вагондарға қызмет көрсету құнын төмендетеді. Егер бәрі біз ойлағандай болса, 2036 жылға дейін шамамен 97 млрд теңге көлемінде ақша үнемдейміз. 2020 жылдың соңына дейін 3 млрд теңге үнемдейміз деп жоспарлап отырмыз», - дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов.

Оқи отырыңыз: Индустрия министрлігі «Тальго» зауытын жаппауға уәде берді

КТЖ неміс тасымалдаушы компаниясымен 2019 жылдың басында келісім жасаған. Серік Әбденовтің айтуынша, компания ммандары қазірдің өзінде вагондарды жабдықтау бойынша арнайы стандарттарды әзірлеп (төсек-орын, дәліз т.б) үлгерген.

Серіктес жаңалықтары