Қазақстанда ортақ тұрғын үй операторы құрылады
Бірыңғай оператор жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектордың субъектілерін біріктіру арқылы құрылмақ
Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Қазақстанда ҚИК, «Бәйтерек девелопмент» және тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры біріктірілетінін мәлімдеді. Бірыңғай оператор жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектордың субъектілерін біріктіру арқылы құрылмақ.
«Бәйтерек» тұрғын үй кешенін қайта құру жоспарлануда. Осылайша тұрғын үй саясатын жүзеге асырудың бірыңғай операторы құрылып, оның құрамына Қазақстан ипотекалық компаниясы, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кіреді», — деді Жайымбетов.
Сонымен қатар, комитет басшысы үй кезегінде тұрғандардың Бірыңғай республикалық базасы жасалып жатқанын айтты. Аталмыш база тұрғын үй алудағы ашықтықты және жүйелі бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр.