$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2019, 16:16
Экономика

Қазақстандағы банктердің ТОП-менеджменті бір жылда 17 млрд. теңгені бонус ретінде алған

Қаржы сарапшылары екінші деңгейлі банктердің 2018 жылғы табысының рейтингін жасағанда, осындай мәліметтерді келтіреді

Қазақстандағы банктердің ТОП-менеджменті бір жылда 17 млрд. теңгені бонус ретінде алған
Фотоколлаж

Ranking.kz  аналитикалық агенттігі  жасаған кестеге қарасақ, Қазақстанның бірнеше банкіндегі ТОП-менеджмент миллиардтарды бонус ретінде иемденген, олар: Каспий банк - 4,8 млрд. тг, Халық банкі - 2,5 млрд. тг, ForteBank- 1,7 млрд. тг, Сбербанк- 1,7 млрд. тг, Евразиялық банк - 866,6 млн. тг. Ал 2017 жылы қаржы инситуттарының ТОП-менеджерлері жалпы көлемі 7,9 млрд. теңге қаржыны бонус есебінде өздеріне пайдаланған. Сонда бір жылда бұл көрсеткіш екі есеге артыпты.

Жоғарыда аталған соманы бонустарды иемденген екінші деңгейлі 25 банкке бөлетін болсақ, орта есеппен әр банк 681,5 миллион теңге жұмсаған болып шығады.  Ал, Қазақстан экономикасының даму деңгейіне байланысты сыйақы мөлшері ІЖӨ-нің 0,03 пайызынан аспауы тиіс. 

Тиісінше, өткен жылмен салыстырғанда басқарма мүшелеріне бонустар төлеуді биылдан бастап азайтқан банктер де бар. Мәселен, Asia Credit Bank, Capital bank және Банк Центр Кредит сияқты банктер жалпы көлемі 1 млрд. теңге көлеміндегі қаржыны бонус ретінде төлеуден бас тартқан.

Алайда, қаржы институттарының ТОП-менеджерлеріне төлейтін бонустары туралы ақпараттар банктердің өз веб-сайттары мен өзге де ашық ақпарат көздерінде көрсетілмеген. КАSE қор биржасы да мұндай мәліметтердің қолжетімді емес екенін мәлімдеді. Ал, біз сіздерге ашық ақпарат көздерінде жарияланған аты аталған банктер басшылығының тізімін ұсынамыз:

«Kaspi Bank» АҚ

1.   Вячеслав Ким, «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

2.   Михаил Ломтадза, «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

3.  Шыңғыс Рахметов, «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

4.  Павел Миронов, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

5.  Юрий Диденко, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма мүшесі

6.  Гүлмира, Жұмаділлаева, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма мүшесі

7.  Тенгиз Мосидзе, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма мүшесі

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

1.    Александр Павлов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

2.   Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы

3.  Арман Дунаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

4.  Мәжит Есенбаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

5.   Кристоф Рёль «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

6.   Антон Мусин, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

7.   Фрэнк Кайларс, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

8.   Айвар Боданов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

9.   Әлия Қарпықова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

10.  Мұрат Көшенов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

11.  Михаил Кабылашев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

12.  Ертай Салимов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

13.  Жанат Сатыбалдина, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

14.   Дәурен Сартаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

15.  Асқар Смағұлов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары

Бұдан бөлек Халық банктің 14 еншілес компаниясы тіркелген.

«ForteBank» АҚ

1.    Марлен Мирзабеков, «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

2.   Әнуар Өтемұратов, «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

3.  Тимур Исатаев, «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

4.  Рүстем Бектұров, «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

5.  Хуберт Пандза, «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

6.  Ельдар Абдразаков, «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

7.  Гурам Андроникашвили, «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы

8.  Айдын Ауезканов, «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

9.  Жумабек Мамутов, «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

10. Адиль Батырбеков, «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

11. Алия Дыканбаева, «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

12. Гаухар Бисембиева, «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

«Еуразиялық банк» АҚ

Еуразиялық банк басқармасы:  

1.  Валентин Морозов — Басқарма төрағасы

2. Олег Печенкин — Басқарма төрағасының орынбасары

3. Шухрат Садыров — Басқарма төрағасының орынбасары

4. Иван Белохвостиков — Басқарма төрағасының орынбасары

5. Сабыржан Бекбосунов — Басқарма төрағасының орынбасары

6. Дина Катекова — Басқарма төрағасының орынбасары

7. Наталья Дружинина — Басқарма төрағасының орынбасары

Директорлар кеңесінің мүшелері:

8.  Машкевич Александр Антонович — Директорлар кеңесінің төрағасы

9.  Ибрагимов Шухрат Алиджанович — Директорлар кеңесінің мүшесі

10.  Ким Инесса Чер-Хвановна — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

11.  Бекенов Жанбота Темиргалиевич — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

12.  Репей Виталий Николаевич — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Айта кету керек, Ұлттық банк биыл шілде айында арнайы қаулы қабылдап, банктер мен сақтандыру компанияларының ТОП-менеджментіне жылдық бонустардың көлемін азайтуды тапсырған болатын. Мұндай ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан көруге болады. Бас қаржы реттеушінің нұсқауымен енді банкирлердің жылдық қосымша табысы 19 млн. теңгеден аспауы керек. Ол шамамен 7,5 мың АЕК. Егер гонорар бұл соммадан асып кетсе, 3 жылға бөлініп төленуі тиіс.

Мұндай шешім РБК  банкінің басқарушы директоры  Асылбек Игильманға тағылған айыптан соң қабылданған. Оған өзі басқарған қаржы институтынан 850 млн. теңге ұрлады деп айып тағылған еді. Банкир өз сыбайласы Жомарт Ертаевпен бірге аталған көлемдегі қаражатты несие есебінде рәсімдеп, банк ТОП-менеджерлерінің арасында бонус ретінде өзара бөліске салған деген күдік бар. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары