$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2019, 16:39
Жаңалықтар

Индустрия министрлігі «Тальго» зауытын жаппауға уәде берді

Алайда, «Қазақстан темір жолы» испандық вагондарды құрастыру келісімшартын ұзартуды жоспарлап отырған жоқ

Индустрия министрлігі «Тальго» зауытын жаппауға уәде берді
inbusiness.kz

Елордалық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагонын құрастыратын зауыт жабылмайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитет басшысы Қанат Баитов айтты.

«Қазір ҚТЖ-мен үлкен жұмыстар істелуде. Біз "Тальго" басшылығымен кездесіп, тапсырыс, өндіріс көлемі бойынша барлық жоспарларды пысықтап жатырмыз. Меніңше, ешкім оны тоқтатуға жол бере қоймайды. Себебі бұл өнім бізге қажет, оның үстіне ол экспортқа бағытталған. Бізде бұған дейін Әзірбайжанмен, көрші елдермен келісімдер болған», - деді Баитов.

Бұған дейін ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев БАҚ-қа берген сұхбатында «Тальго» вагондарының сыйымдылығы стандарттағыдан аз және оның қымбат сервисі валюта құрамының 65% құрайды деп мәлімдеген болатын. «Патентес Тальго» испандық компаниясымен жүргізілген келіссөздер нәтижесі бойынша, төленіп қойған 62 вагон жиынтығын жинап, бұдан әрі жобаны жалғастырмауға шешім қабылданды дегенеді ұлттық компания басшысы.

Өткен жылы зауыт Әлішер Усмановқа тиесілі ресейлік «Трансмашхолдингін» 23 миллион еуроға сатып алмақ болған. Алайда, кейіннен мәміле орта жолдан тоқтатылды. 

Енді ҚТЖ «Трансмашхолдингтің» құрамына кіретін Тверь зауытынан вагондарды жеткізу арқылы жолаушылар паркін кеңейтуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2011 жылы «Тұлпар-Тальго» зауытын ашу ұлттық компанияға 60 миллион долларға шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚТЖ #Тальго