$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2020, 17:38
Экономика

$6,1 млрд инвестиция: БАӘ Қазақстанда қандай жобалар салмақ?

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Әбу-Дабиге барды

$6,1 млрд инвестиция: БАӘ Қазақстанда қандай жобалар салмақ?
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Әбу-Даби қаласына барып, Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары, президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.  

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп, мұнай химиясы, ғарыш, тау кен металлургиясы, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық келешегін талқылады.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен БАӘ үкіметтері инвестиция мәселесіндегі ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойды, бұл құжат 6,1 млрд долларды құрайтын 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 

Инвестициялық жобалар қосылған құны мен рентабельдігі жоғары, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие болатын үлкен әлеуеті бар жаңа өндіріс орындарын құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жұмыс орындарын ашуға, озық технологиялар мен практиканы енгізуге жол ашпақ.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы жоспарланған 21 жобаның 10-ы қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдерін шығаруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары