$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2020, 23:13
Экономика

Қазақстанда «Ашық бюджет» жобасы іске қосылды

Енді қоғамдық сараптаманы жасауға өңір тұрғындары да бастамашы бола алады

Қазақстанда «Ашық бюджет» жобасы іске қосылды

Қазақстанда бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне қоғамдық бақылау күшейтіледі. Ол үшін «Ашық бюджет» жаңа жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Енді қоғамдық сараптаманы жасауға өңір тұрғындары да бастамашы бола алады. Барлық облыстарда кәсіби қаржыгерлердің қатысуымен жұмыс топтары құрылады. Олар мемлекеттік органдардың бюджет ақшасын қалай қалыптастырып, жұмсайтынын түсіндіруге дайын. Адамдарды жеке қаржыны сауатты бөлуге үйретуді жоспарлап отыр.

Жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығымен, Нидерланды Корольдігінің Елшілігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырады.

 

Серіктес жаңалықтары