11.09.2020, 09:57
Экономика
Шетелде жүрген қазақстандықтар 6 айда елімізге 153 млрд теңгеден астам қаржы аударған
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз
Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы биыл 6 айда елімізге 153,3 млрд теңге кіріс кірген, деп жазады Ranking.kz.
Айта кету керек, соңғы 4 жыл бойы шетелден аударылған ақша көлемі үздіксіз өсіп отырған болатын. Алайда, биыл бұл көрсеткіш бірден 24,5 пайызға азайды.
Қаражаттың ең көбі Ресей Федерациясынан жіберіліпті – 43,6 млрд теңге. Десе де, былтырғымен салыстырғанда биыл аударылған ақша көлемі екі есеге азайған (86,6 млрд теңге).
Екінші орында Оңтүстік Корея тұр – 30,3 млрд теңге. Бұл елден келетін қаржы көлемі де былтырғымен салыстырғанда 19,7%-ға төмен. Ал Қырғызстаннан аударылған ақша көлемі биыл айтарлықтай өсіп (13,9%), 18 млрд теңгені құрады.

Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)