04.09.2020, 12:37
Экономика
Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Президент тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстарына ерекше тоқталды
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.
Қайрат Келімбетов Президентке АХҚО-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
