$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 09:25
Экономика

Ұлттық банк зардап шеккен кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөледі

Ұлттық банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Ұлттық банк зардап шеккен кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөледі

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру бойынша қандай шаралар қабылданатынын хабарлады.

Досаевтың хабарлауынша, Президенттің бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес, ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы әзірленуде. Ол елдің 2025 жылға дейінгі жаңартылған Стратегиялық даму жоспары қабылданғаннан кейін бекітілмек.

«Ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және валюта нарығын тұрақтандыру үшін Үкіметпен бірлесіп, валюталық түсімді елге қайтаруға арналған қосымша шаралар пысықталады және экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.    

Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясында Ұлттық банк жанында Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құру ескеріледі, оның басты міндеті – базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау. Орта мерзімді перспективада оған тәуелсіз мүшелер кіреді. Заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер 2020 жылдың соңына дейін енгізілетін болады», - деді ол.

Сондай-ақ, экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында дағдарыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді.

«Салалар тізбесін Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп анықтайтын болады. Ұлттық банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады», - деді Ұлттық банк басшысы.     

Серіктес жаңалықтары