$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 19:09
Экономика

Теңге бағамы бір аптада 0,1%-ға әлсіреді

Ұлттық банк басқа валюталар бағамы қалай өзгергені туралы мәліметпен бөлісті 

Теңге бағамы бір аптада 0,1%-ға әлсіреді
Фото: ашық дерек көзінен

1 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға  әлсіреп (388,92-ден), бір АҚШ доллары үшін 389,46 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 25 қазан – 1 қараша аралығында бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ қатарынан үшінші рет мөлшерлемені 1,5-1,75%-ға дейін төмендету бойынша шешім қабылдады. Қытай мен АҚШ сауда-саттық мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізді. АҚШ Конгрессінің Өкілдер Палатасы АҚШ Президенті Д.Трамптың импичменті рәсімін қалыптастыратын қарар қабылдады. ЕО Брекзитті 2020 жылғы 31 қаңтарға дейін кейінге қалдыруға келісім берді, британдық Қауымдық Палата 12 желтоқсанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу турал заң жобасы үшін дауыс берді.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді. 

Дамушы елдердің валюталары АҚШ долларына қатысты бағамдары төмендегідей қалыптасты:

Түрік лирасы  - 1%-ға (5,77-ден 5,71-ге дейін) нығайды. Түркияның ОБ инфляция болжамын 2019 жылы 13,9-дан  12%-ға дейін төмендетті;

Ресей рублі -  отынға әлемдік сұраныс бойынша перспективаның жақсаруына байланысты мұнай бағасының ұлғаюы аясында  0,6%-ға (63,88-ден 63,5-ке дейін) нығайды; 

Бразилия реалы - Үкіметтің 4 мұнай кен орнын игеру құқығына аукцион  өткізу алдында 0,5%-ға (4,01–ден 3,99-ға дейін) нығайды;

Үнді рупиясы -  жергілікті борыштық нарыққа шетелдік капиталдың келуі аясында 0,1%-ға (70,89-дан  70,81-ге дейін) нығайды;

Индонезия  рупиясы - бір аптада өзгерген жоқ (14 038-ден 14 039-ға дейін). PMI-дің іскерлік белсенділік индексі  қазанда 47,7-ге дейін  (қыркүйекте - 49,1) төмендеді; 

Мексика песосы - 0,1%-ға өсті;

Оңтүстік Африка ранды - Қаржыминінің болжамдарын жариялау аясында  2,8%-ға  (14,63-тен 15,04-ке дейін) әлсіреді, ОАР мемлекеттік борышы  алдағы үш жылда ІЖӨ-нің 70%-нан асып түседі және мемлекеттік компанияларға көмек көрсетуге шығыстардың ұлғаюына байланысты доллар бағамы өсуін жалғастыруы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары