$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 16:19
Экономика

Қазақстандық күнбағыс майы Қытай дүкендерінде сатылады

Қытайға жарты миллион тоннаға жуық өнім жеткізу жоспарланып отыр

Қазақстандық күнбағыс майы Қытай дүкендерінде сатылады

Ухань қаласының вице-мэрімен келіссөз кезінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы «Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd.» компанияның жұмысын атап өтті.

«Компания Қытайға қазақстандық таурады жеткізуді арттыруда маңызды рөл атқарады. Осы жылы компания қытайлық Хубэй провинциясына қазақстандық күнбағыс майын экспорттай бастады.  «Евразия Food Corporation» ірі қазақстандық зауытымен «Шедевр» майын жеткізуге шарт жасалды, ол Ухань қаласында компанияның супермаркеттері мен дүкендерінде сатылатын болады», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

Сұлтанов қытай бағыты мемлекеттің сыртқы саудасында «дәстүрлі түрде басты бағыттың бірі» екенін атады. Қазақстанның жалпы саудасында Қытаймен сауда айналымы шамамен 12% құрады. Жыл сайын айналым қырқынды өсіп жатыр.

«2019 жылғы 8 ай ішінде тауар айналымы 9,2 млрд. АҚШ долларын құрды бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 26,2% артық, сол кезде көлем 7,3 млрд. АҚШ доллары болған», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, биыл Қазақстаннан Қытайға экспорт 39%-ға артқан және 5,3 млрд. долл. құрады.  Сұлтановтың айтуыша, Қазақстан Қытайға қазақстандық экспортты 60 тауар позициясы бойынша 1,6 млрд. долларға ұлғайтуға дайын.

«Біздің өндірушілерде Қытайға экспортты өсіру мүмкіндігі бар: темір мен болаттан илектер, болаттан, феррохромнан, күкірттен, майлы дәнек дақылдарынан, бидайдан, кондитерлік өнімдерден жасалған жартылай фабрикаттар. Одан басқа, импорттаушыларыңызға Қазақстаннан 30 тауардан астам импортты қарастыруды ұсынамыз, олар бұрын жеткізілмеген – бұл алюминий оксиді, портландцемент, ферросилиций, метал құбырлары, ферросиликомарганец, оксидтер менхром гидроксиді хрома, мойынтіректер, болат пен темірден жасалған шыбықтар және т.б.», - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қытай Халық Республикасына сапары кезінде Хубэй провинциясы Ухань қаласының вице-мэрі Сюй Хунланьмен кездесті. Нәтижесінде KazakhExport АҚ мен Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd. арасында Хубэй провинциясында қазақстандық өндіріс тауарларын көбейту туралы Меморандумға қол қойылды.

 

Серіктес жаңалықтары