Қазақстан цифрлы фермалар салып, мал шаруашылығын дамытады – министр оның жолдарын атады
Мал шаруашылығының төрт айдағы жалпы ішкі өнімі 1 трлн теңгеге жеткен
Қазақстан цифрлық фермалар мен мал шаруашылығын дамытады. Өйткені, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім еткендей, мал шаруашылығы Қазақстанның экономикасы мен экспортындағы негізгі бағыт болып қала береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Министрдің айтуынша, ұзақ жылдар бойы агрардық саясат егін шаруашылығына басымдық беріп, мал шаруашылығына берілетін қолдау аз болған.
Соңғы екі бұл үрдіс өзгеріп, басқа шаралар қабылданған.
«Қазір мемлекет саланы модернизациялап, заманауи м ал шаруашылығы кешендері мен оларды әлемдік нарыққа шығаруға күш салып жатыр», - деген министр ресми сайттағы сөзінде.
Сапаровтың айтуынша, осы жылдың төрт айында мал шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім 1 трлн 158 млрд теңгеге жеткен.