Қазақстан Түркия тарапына ауыл шаруашылығы саласындағы саудаға қатысты Жол картасын қабылдауды ұсынды

Жол картасы 2026-2028 жылдар аралығында жұмыс істеуі мүмкін

Қазақстан Түркия тарапына ауыл шаруашылығы саласындағы саудаға қатысты Жол картасын қабылдауды ұсынды
Фото: istockphoto.com

Бүгін Қазақстан Түркия тарапына Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселесін талқылады. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқан.

«Түркия тарапына Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынылды», - деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты әрі қарай жандандыруға қолайлы жағдай жасап, алыс-берісті әртараптандырудың маңызына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 630 миллион доллардан асады.