«Көкөністер түгел сатылу керек»: Жұманғарин әкімдерге наурыздың соңына дейін жаңа тапсырма берді
Соны сатып біткеннен кейін әкімдер қорға жаңа піскен көкөніс жеткізуге міндетті
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин наурыз айының соңына дейін әкімдерге жаңа тапсырма берді: әкімдер ай соңына дейін тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорындағы жеміс-жидекті түгел сатуды тапсырды. Содан кейін әкімдер қорға жаңа піскен көкөніс жеткізуі тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Апта сайын біз баға өсімі тіркелген өңірлерді мақсатты түрде қараймыз. Сауда комитеті жеткізу арналары мен әрбір әлеуметтік өнімді сату кезеңіне дейінгі бүкіл тізбекті жедел талдап, қымбаттаудың қай кезеңде туындайтынын және орталық деңгейде қандай шаралар қажет екенін анықтауы тиіс. Өңірлер баға өсімінің себептерін жедел анықтап, тиісті шешімдер қабылдауға міндетті», - деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талқылаған. Үкіметтің сайты жазған мәліметке сүйенсек, ақпанда азық-түлік бағасы 0,5% қымбаттаған.