25.12.2025, 18:00
Экономика
Қазақстанда жаңа 500 теңгелік қағаз ақша айналымға шықты
Ескі банкноттар 2027 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар қолданыста болады
Фото: Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота.
«Жаңа ақша 2026 жылдың екінші тоқсанында жаппай айналымға шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Жаңа 500 теңге 2017 жылы шыққан 500 теңгемен екі жыл бойы қатар айналымда жүреді. Ескі 500 теңге 2027 жылдың желтоқсанында айналымнан шығады.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 12:49
Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды