Қазақтың көне күйі мен ескі әні Ресей мұрағатынан табылды
«Естек» күйі мен «Зәуреш» әні Мәскеуден табылған

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні сақталған, деп хабарлайдыAzattyq Rýhy мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, бұл құнды мұралар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды.
«Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түскен. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды», - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Тарихи жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енген.