$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақтың әжелері Париж бен Милан сән апталығында модель болады

Олар Еуропада ұлттық нақыштағы «Ақ маржан» топтамасын ұсынады

Қазақтың әжелері Париж бен Милан сән апталығында модель болады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, Еуропаның ең беделді сән сахналарының бірінде «Әлемді таңғалдырған әжелер» атты ерекше мәдени жоба көрсетіледі. Жобаға еліміздің әртүрлі өңірлерінен кастинг арқылы іріктелген 60 пен 74 жас аралығындағы апалар қатыспақ.

«Еуропаның сән сахнасын бағындыруға 20 адам аттанады. Олар ұлттық нақыштағы «Ақ маржан» топтамасын ұсынады. «Әлемді таңғалдырған қазақ әжелері» жобасы Еуропа сән апталығына төртінші мәрте қатыспақ. Биылғы іс-шара Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар айына арналады», - делінген хабарламада.

Жоба авторы – танымал сәнгер, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Ұлттық дизайнерлер академиясының академигі Раушан Әнуарбекова. Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыттанған заманауи топтамаларымен танымал және бұған дейін өз жұмыстарын Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары