Астана полициясы Backstreet Boys-тың концертін «көруге» робот жіберген (ВИДЕО)
Робот адамдардың түр-әлпетін тануға қабілетті

Астананың полиция департаменті күні кеше елордада өткен атақты Backstreet Boys-тың концерті кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін не істегені туралы есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция департаменті мен Ұлттық ұланның жеке құрамы тартылған. Полиция «Астана Аренаға» қосымша турникет орнатып, бейнебақылау камераларын көбейткен. Сол камералардың жазбасы полицияның жедел басқару орталығына түсіп тұрған.
Бұдан бөлек, полицияға хабарлағандай, концертте қоғамдық тәртіпті сақтап, оны бұзғандардың әрекетін тіркеу үшін әрі көпшіліктің арасынан тұлғаларды тануға қабілетті Deep Robotics Lite 3 атты төрт аяқты робот жүрген екен.
«Полицияның үйлесімді жұмысы мен жаңа технологияларды тиімді пайдалануының арқасында концерт оқыс жағдайсыз өтті», - деп хабарлайды полиция.