Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Аягөз Құрмаш

Өз туған күнінде әнші Түркияда концерт береді

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Димаш Құдайберген 30 жасқа толды. Өзінің Instagram парақшасында әнші өз туған күні өтетін Стамбұлдағы концертіне шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітірді.

Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Жас әншінің бағын Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауы ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді.

Димаш құдайбергеннің әлемге танылуына Қытайдағы «Мен-әншімін» жобасының септігі тиді. Байқауда әнші халықтың зор қошеметіне ие болды.

Сондай-ақ, Димаш MTV Music Awards жүлдесінің иегері, "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші", "Жылдың ең үздік әншісі" номинацияларының жеңімпазы. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың мыңдаған тыңдарманы бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.