«Самалтау»: Димаш көрермендерін тағы жылатты
Димаш Құдайберген Қытайдың Фуджоу қаласындағы халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында «Самалтау» әнін орындады
«Самалтау» әнінің жұртты жылатуы бекер емес. 1916 жылы Ресей патшасы жарты миллионға жуық орта азия елдерінің халқын майданның тыл жұмыстарына мәжбүрлеп жіберу туралы жарлық шығарды. Оның 240 мыңы – қазақ азаматы болатын. «Самалтау» - қарудың күшімен жат жұрттық болып кетіп бара жатқан қазақ жігіттерінің ащы зары еді.
Ал «Самалтауды» Димаштың орындауында тыңдаған көрермендері ерекше әсер алғандарын айтып жатыр.
«Димашжан, керемет орындау болды. Қасқырдың ұлығаны, иттердің үргені, сарбаздың аяғындағы шынжыры, айдауға кеткені – жүректі шымырлатты. Бұл қазақтың мұңы»
« Жүрегім тілініп, көз жасымды тыя алмай отырмын»
«Елім деп, қазағым деп дүрсілдеген жүрегіңнен, шырылдаған, шарықтаған дауысыңнан сенің айналдым! Қандай жантебірентерлік ән еді, сай-сүйегімізді сырқыратар?! Не деген керемет дауыс, қобыз үнімен үндескен?! Ата-бабаларымыздың жүріп өткен өмір жолдарын елестете еріксіз көзіме жас алдым».