$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2019, 01:41
Мәдениет

«Кек алушылар. Финал» жұлдызының басы дауға қалды

Marvel компаниясының бірнеше блокбастерлерінде түскен танымал актер Джереми Реннер кино әлемінен шеттетілуі мүмкін.

«Кек алушылар. Финал» жұлдызының басы дауға қалды
https://g1.nh.ee/images/pix/1000x654/b8zI6ySb5LM/ffa9b5da70841a1e1f-87769803.jpg

Аталмыш сериалдың бірнеше бөлімінде «Қырағы көз» Клинт Бартон ролін сомдаған Джеремиден Marvel кинокомпаниясы бас тартып отыр. Бұған актердің өз әйеліне қарумен шабуыл жасап, өзін атпақшы болғаны себеп болды.

Бүгінгі таңда Джереми Реннер (Jeremy Renner) әйелі Сонни Пачекомен соттасып жатыр. Ал, Marvel Studios одан бас тартып, орнын басқа актермен алмастыруды жоспарлауда. Жалпы, Джеремиде Disney компаниясының «Қырағы көз» (Сколиный глаз) жеке жобасы бойынша блокбастер түсіру жоспары болған.

Disney компаниясы туындыларының контенті негізінен отбасы және балаларға арналғандықтан, олар актер қызметінен мүлдем бас тартулары мүмкін. Бұл мәліметті сенімді инсайдер Даниэль Рихтман өз Twitter парақшасында растады.

Мәлім болғандай, Marvel және Disney «Қырағы көз» жобасына басқа актерді түсіруді ойластырып жатыр. Джереми Реннидің айналасындағы дау-жанжал кинокомпанияның репутациясына нұқсан келтіруі мүмкін деген жорамал да жоқ емес. Ол сотта кінәлі деп табылса, мүлдем кино әлеміне орала алмайтыны туралы қауесеттер тарауда. Алайда, актер өзінің кінәсіз екенін БАҚ-тарға берген сұқбаттарында ағынан жарылып айтқанымен, оны осы іс бойынша айыпты деп табуы мүмкін дейді ақпарат көздері.

Серіктес жаңалықтары