Ерке Есмаханның бейнебаяны рекорд орнатты

Әншінің «Қайда?» әніне түсірілген бейнебаяны бүгін 100 млн рет қаралған, деп хабарлайды Gakku телеарнасы.

Ерке Есмаханның бейнебаяны рекорд орнатты

Осылай Ерке Есмахан қазақ әндеріне түсірілген бейнебаянның қаралымы жағынан көш бастап келеді. Ал әншінің өзі бұл жаңалыққа қатты таң қалмаған.«Жоқ,жоқ» деп ән салған әншінің кейінгі шыққан туындылары да көпшіліктің көңілінен шыққан. «Gakku» телеарнасында тұсауы кесілген аталмыш ән әлем жұлдызы Beyonce «Deja Vu» бейнебаянының рекордын бұзды. «Қайда?» бейнебаяны бұл көрсеткішке 2 жылда жетіп отыр

«Gakku» телеарнасының директоры Еркенің алғаш әнді тыңдатқан сәтттен бастап, бұл туындының хитке айналатынын білгенін айтады.

«Еркенің жеке әнші ретінде бөлініп шыққан уақытында ол маған келіп «Қайда?» деген әнін тыңдатты. Мен бұл әннің танымал болатынына және мәтінінің өзі дұрыс жазылғанын сездім. Бірнеше қала атаулары туындыда қайталанып келетіндіктен, ол қалаларда Еркені құшақ жая қарсы алатын көрермендерді көз алдым елестеттім»,-дейді продюсер Тимур Балымбетов.

Расында ән Ерке Есмаханның бағын ашты деуге болады. Отандық өнер индустриясында Jah Khalib тың «Медина» бейнебаянынан кейін Ерке қазақ әнін орындаушы ретінде рекорд орнатып отыр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.