Ақтөбеде балалар шығармашылығына арналған халықаралық би фестивалі өтті

Azattyq Rýhy

Іс-шара «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің 45 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 98 жылдығына арналды

Ақтөбеде балалар шығармашылығына арналған халықаралық би фестивалі өтті

Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады-2023» ІХ балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған ашық би фестивалі өтті. Фестиваль «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің 45 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 98 жылдығына арналған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ФестивалЬ мақсаты – Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің би өнерінің рөлі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту, өзара достық нышандарын қалыптастыру.

Фестиваль құрылтайшылары және ұйымдастырушылары: Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ; Қалалық мәдениет үйі; «Халықтық ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі.

«Фестивальге Ресейден, Татарстаннан, Башқұрстаннан, Қырғызстаннан, Қазақстан Республикасының әр аймағынан, атап айтқанда, Тараз, Орал, Атырау, Ақтау қалаларынан 13 ұжым, ал Ақтөбе облысының қала және аудандарынан 11 би ұжымдары қатысты Фестиваль қатысушылары өз өнерлерін ортаға салды, тәжірибе алмасты. Қатысушыларға барлық жағдай жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ көрермендер фестиваль қонақтарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Фестиваль дөңгелек үстел, тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттары формасында өткізілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 24 қарашада кешкі сағат 18.00-де «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына арналған концерттік шара өтті. Бұл шарада осы ұжымның алғаш құрылған уақыттағы мұрындық болған басшылар, өнер қайраткерлері мен ардагерлер қатысты. Және де 1998 жылы   құрылған ансамблдің бишілері өз өнерлерімен атсалысты. Фестивальдің жабылу және марапаттау салтанаты 25 қараша күні өтті. Жабылу салтанатында барлық фестиваль қатысушыларына қалалық мәдениет үйінің директоры Дәрібаев Мұратбек Байбосынұлы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

  1. «ВЫКРУТАСЫ» халық биі ансамблі, жетекшісі Вера Ивановна Исхакова, Ресей, Лосино-Петровский.
  2. «АЙКӨЛ» халық биі ансамблі, Қырғызстан, жетекшісі Нурбек УУЛУ Урматжан, балетмейстер Бариель Токтогбаевна Кадырбекова.
  3. «Шабыт» халықтық ансамблі, Орал қаласы. Жетекшісі Құсайынова Анаргүл Амангелдіқызы.
  4. «ОЧАРОВАНИЕ» вокалды ансамблі, жетекшісі Людмила Борисовна Маркова, Марина Николаевна Павлова, Татарстан, Қазан.
  5. «СОЗВУЧИЕ» хореографиялық ұжымы, жетекшісі Ольга Викторовна Яшина, Вологда қаласы.
  6. «ЭКЗОТИКА» би ансамблі, жетекшісі Мария Григорьевна Герасимова, Ақтау қаласы.
  7. «ЖАЙЫҚ ҚЫЗЫ» халықтық би ансамблі жетекшісі Сегізбаева Жазира Қуанышқызы, Атырау қаласы.
  8. «ЖҰЛДЫЗ» халықтық би ансамблі, жетекшісі Сейітова Жаңылсын Сиғуатқызы, Атырау қаласы.
  9. «ШАТТЫҚ» халық ансамбіл, педаго -хореограф Милана Айбекқызы, Бішкек, Қырғызстан.
  10. «МАХАББАТ» халықтық ұжым, би ансамблі, жетекшісі Зияш Еркебаева, Махаббат Баденова, Жамбыл облысы Қордай ауданы.
  11. «Русские потешки» ансамблі, жетекшісі Варвара Васильевна Максимова, Ресей, Электросталь.
  12. Инструментальный жанр «2 СМЫЧКА» Башкортстан, г.УФА.
  13. «Үлгілі ұжым» «ҚҰРАЛАЙ», жетекшісі- Оразаева Жаңылсын Салауатқызы.
  14. «АРАЙ» би ансамблі, жетекшісі-Галина Бахытжанқызы, Ақтөбе.
  15. «Үлгілі ұжым» «ЕҢЛІК», жетекшісі-Байдилдинова Гүлнар Вахитқызы, Ақтөбе.
  16. Ансамбль танца «ТАГРИДИС»-руководитель-Феопемптов Алексей Алексеевич, Кадырова Юлия Владимировна, Платова Алена Сергеевна.Актюбе.
  17. «Халықтық» «Қарлығаш» ансамблі, жетекшісі Таңжарықова Гүлназ Қуанышбекқызы.
  18. «Жастар» би ансамблі, жетекшісі-Сейтжанова ГауҺар Маралқызы, Ақтөбе.
  19. «Халықтық ұжым» «СҰҢҚАР» вокалдық ансамблі, жетекшісі Медетова Лаззат Ерпайызқызы.
  20. Клоунада «МЫ ВАС ЛЮБИМ», жетекшісі Ербол Юлайевич Ермағанбетов.
  21. «ГҮЛДЕР-АЙЫМ» халықтық ұжым, жетекшісі Айнабекова Шолпан Кәрімқызы, Ақтөбе.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.