«Міржақып. Оян, қазақ» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды

Azattyq Rýhy

Аталған фильм 100% мемлекеттік бюджетке түсірілген

«Міржақып. Оян, қазақ» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

6 сериялы «Міржақып. Оян, қазақ» сериалының ықшамдалған нұсқасының ел кинотеатрларындағы прокаты тағы бір аптаға созылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қалың көрерменнің қалауы болып, «Міржақып. Оян, қазақ» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық. Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар», - деп жазды сериалдың режиссері Мұрат Есжан Facebook-тегі  парақшасында.  

Режиссердің айтуынша, аталған фильм 100% мемлекеттік бюджетке түсірілген.

Бұған дейін «Міржақып. Оян, қазақ!» атты минисериалдың қысқартылған нұсқасы прокаттан алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл ақпаратқа қатысты ресми түсінік берген режиссер Мұрат Есжан жоспар бойынша фильмнің  2 аптаға ғана прокатқа шығарылғанын, көрсетілімнің тоқтауының астарында ешқандай мәселе жоқ екенін айтқан еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.