Елордада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына арналған концерт өтеді

Azattyq Rýhy

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

Елордада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына арналған концерт өтеді
Фото ашық дереккөзден

Әйгілі «Ulytau» этно-рок тобы өзінің 25 жылдығына орай Астанада үлкен концерт өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қазанда кешкі сағат 20.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында жобаны жасаушы және продюсер Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы өзінің 25 жылдығына орай үлкен концерт өткізеді.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay өнер көрсетеді.

«Ұлытау» – батыс және шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзше балама жоқ.

«Скрипканың жұмсақ дыбысы қазақ домбырасының таңғаларлық мотивтерімен үйлеседі, ал электр гитараның айқын екпіндері топтың дыбысын шынында ерекшелей түседі. Ұлытау музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрқисса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөлінеді», - дейді ұйымдастырушылар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.