Кинотеатрлар «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін прокаттан алып тастаған

Аягөз Құрмаш

Көрермендер фильм билеттерінің сатылымнан алынғанын байқаған

Кинотеатрлар «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін прокаттан алып тастаған
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ел кинотеатрларында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі тоқтатылғанына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жұртшылық прокаттан  «Алаш» партиясы жетекшілері бірінің өмірі туралы баяндайтын «Міржақып. Оян қазақ!» фильмі алынғанын айтып жатыр. Шынында да, мен онлайн режимінде тексеріп көрдім, елдің бірде-бір қаласында фильм жоқ. Кинотеатрларда екі апта бойы тұрғанына қарап, бұл фильмге барушылар қатары өте көп болғанын байқауға болады.  Жастар тіпті желідегі челлендж ұйымдастырды.

Бұл фильм – қайғылы тарихымыздың бір бөлігі. Өткен жылы сериалды көргеннен кейін күйзеліске ұшырағаным әлі есімде. Толықметражды фильмнің де лайықты жұмыс екеніне сенімдімін, өйткені авторлар бірдей», - деп жазды журналист Саби Байбосынов.

Кейін әлеуметтік желіде қолданушылар ол фильмге барғысы келгенін, алайда прокаттан таба алмағанын жазып, шағымданды.

Еске салсақ, кинотеатрлар желісі өткен аптада әлеуметтік желіде 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында осы фильмнің соңғы көрсетілімі өтуі мүмкін екенін хабарлаған. Фильмнің премьерасы 21 қыркүйекте ғана өткен болатын.

Фильм өткен жылы Qazaqstan телеарнасынан көрсетілген аттас телехикаяның негізінде түсірілген.

Тарихи фильм 1909-1935 жылдарды, «Алаш-Орда» үкіметі мен Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатұлының өмірінің айтулы кезеңін қамтиды.

Басты кейіпкердің рөлін Бақыт Қажыбаев, ақынның жұбайы Ғайнижамалдың рөлін актриса Зарина Кармен ойнады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.