$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2022, 14:13
Мәдениет

Алматыда Мұхтар Әуезовтің мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

Бүгін – заңғар жазушының туған күні

Алматыда Мұхтар Әуезовтің мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

Алматы қаласында М.О. Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл толуына арналған «М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алқалы жиын заңғар жазушының рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Басқосудың мақсаты – ұлы жазушының әлемдік өркениет пен адамзат ақыл-ойы тарихындағы орны мен рөлін айқындау, қазақ және әлем әдебиетінің әдеби байланысын нығайту, қазақ әдебиетінің даму үрдістерінің тарихын және бүгінін саралау, қаламгер мұрасындағы Алаш парадигмасы, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген озық идеаларын насихаттау.

Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Ресей, Мажарстан, Нидерланды және басқа елдердің жетекші ғалымдары, зиялы қауым өкілдері мен жас ғалымдар қатысуда.

Конференцияны Халықаралық Түркі академиясы, ТURKSOY халықаралық ұйымы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан жазушылар одағы және  Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Серіктес жаңалықтары