ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әл-Фараби мен Абайдың мерейтойына арналған бірқатар шаралар өткізуді жоспарлап отыр

фото: СІМ

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті. Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сонымен қатар, елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ағымдағы жылғы ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды. Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ американдық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда», - делінген СІМ хабарламасында.