20.01.2020, 17:06
Мәдениет
Димаш ақпан-сәуір айларында Еуропаның 11 қаласында жеке концерт өткізеді
«Arnau tour» концерті бес мемлекеттің астанасында өтеді
Танымал әнші Димаш Құдайберген 16 ақпаннан бастап 4 сәуірге дейін Еуропа елдерінде өтетін «Arnau tour» атты жеке концерттінің кестесімен бөлісті.
«Arnau tour» Ресей федерациясының 4 қаласында, Германияның 3 қаласында және Беларусь, Чехия, Украина, Латвия елдерінің астанасында өтеді.
Димаш 16 ақпан - Краснодарда (Ресей), 20 ақпан - Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпан - Екатеринбургта (Ресей), 7 наурыз - Ригада (Латвия), 9 наурыз - Мәскеуде (Ресей), 11 наурыз - Киевте (Украина), 19 наурыз - Гамбургте (Германия), 21 наурыз - Дюссельдорфта (Германия), 23 наурыз - Штутгартта (Германия), 25 наурыз - Прагада (Чехия), 4 сәуір - Минскіде (Беларусь) жеке концертін өткізеді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды