28.02.2022, 17:51
Мәдениет
Димаш Құдайберген көктемде бірнеше елде концерт береді
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Фото: ашық дереккөзден
Биыл көктемде Димаш Құдайберген бірнеше елде концерт береді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Әнші концерттің қай елде, қандай аренада, қашан болатынын өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
"Алдағы 2022 жыл жақсы жаңалықтар жылы болғай! Жақын күндері мен Сіздермен алдағы жеке концертім туралы жаңалықтармен бөлісемін. Назар сала жүріңіздер!", – деді Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген концерт беретін елдер тізімі:
- 25 наурыз. Дубай (Біріккен араб әмірліктері). Өтетін орны: Coca Cola Arena,
- 2 сәуір. Минск (Беларусь). Өтетін орны: Минск арена,
- 16 сәуір. Прага (Чехия). Өтетін орны: Типспорт арена,
- 9 сәуір. Дюссельдорф (Германия) Өтетін орны: ISS Dome.
Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)
17.08.2026, 10:59
Ақтауда ер адам ішіп алып, әйелін басынан ұрғаны үшін 25 күнін темір қапаста өткізетін болды
17.08.2026, 09:11
Степногорскіде мас әйел полицейдің беті мен мойнын тырнап тастады