30.07.2021, 09:16
Мәдениет
Тоқаев Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады
Президенттің қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланған
Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық артисі, опера әншісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президенттің қаулысы Ақорда сайтында жарияланған. Мәтіні төмендегідей:
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әлібек Дінішев 1951 жылы 7 шілдеде Алматыда туған. Ол 1978 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі», 1979 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі атағын алған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
