Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

Актерге бұл жүлде «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін берілді

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды
Еркебұлан Дайыров, актер

Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров әйгілі Канн кино жүлдесі бойынша Азияның үздік актері атанды. Актерге бұл жүлде режиссер Эля Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін берілді.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

Еркебұлан Дайыров көрерменген «Бауыржан Момышұлы», «Анаға апарар жол», «Қазақ елі», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Тараз», «Алтын орда» секілді бірқатар кинотуындылар арқылы таныс. Сондай-ақ актер талантты режиссер Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» атты толықметражды фильмінде басты рөлді сомдайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.