Қасым хан туралы фильмнің түсірілімі аяқталды
Тарихи туындының атауы - «Ұлы дала таңы»
Бүгін Алматы облысында Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Достар, біз «Ұлы дала ТАҢЫ» түсірілімін аяқтадық. Түсірілімнің әр қатысушысына осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбектеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев.
Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы түсірілген тарихи-патриоттық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілді.
Оқи отырыңыз: Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі «Қасым хан» фильмінің сценаристері қатарынан шығып қалды
Туындыдағы басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды
Фильм 16 ғасырдағы Қазақ хандығының билеушісі - Қасым ханның жетістіктері туралы баяндайды