$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2019, 11:52
Мәдениет

«Шыңырау» фильмі Үндістанда көрсетіледі

Отандық «Шыңырау» фильмі алдағы күндері Үндістанның Джейпур қаласында өтетін кинофестивальге қатысады

«Шыңырау» фильмі Үндістанда көрсетіледі
Фотолар: Қазақфильм

Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі желтоқсанның 21-і мен 22-сі аралығында Үндістанның Джейпур қаласында өтетін 2-ші Kaaryat International Film Festival кинофестиваліне қатысады. Әлемнің үздік фильмдерін көрсетіп, дүниежүзі киногерлерін басын қосатын бұл фестиваль Үндістанда өткізілетін жаңа байқаулардың бірі. Бұл туралы «Қазақфильм» хабарлайды. 

Фестиваль бағдарламасында толықметражды және қысқаметражды көркем фильмдер, деректі және анимациялық фильмдер көрсетіледі. «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» фильмінің түсірілімдері Маңғыстау облысында өтті. Картинада Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.

«Бұл туынды Бангладеште өткен 17-ші халықаралық фестивалінің азиялық фильмдер байқауына қатысып, «Үздік операторлық жұмыс» (операторы Ривкат Ибрагимов) жүлдесін жеңіп алды. Одан бөлек, «Шыңырау» фильмі биыл қараша айында Қытайдың Сямэнь қаласында өткен 28-ші «Алтын әтеш және Жүз гүл» («Золотой петух и Сто цветов») атты Бүкілқытайлық фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысып, сондай-ақ Мәскеуде Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында көрсетілді», - делінген «Қазақфильм» хабарламасында.

Желтоқсан айының басында отандық кинотуынды Американың Аризона штатында өткен Asian International Film Festival Arizona кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына және Үндістанның Тируванантапурам қаласында өткен Керала Халықаралық кинофестиваліне қатысқан.

Серіктес жаңалықтары