Сағынтаев жазушыларға тағы жарты милионнан таратты
Бүгін Алматы қаласының әкімі кезекті грантын 60 жазушыға табыстады

Шығармашылық интеллегенция өкілдерінің әрқайсысы қала басшысының қолынан 500 мың теңгелік сертификат алды. Олардың қатарында қарт қаламгерлерден тыс Жазушылар одағына кейінгі жылдары мүше болған жас ақын-жазушылар да бар. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
«Сөз зергелерінің шығармашылығын қолдау үшін бүгінгідей қаржылық қолдау көрсету маңызды. Олар отансүйгіштікті, елге деген махаббат пен туған қаламыздың жетістіктерін шығармаға арқау ету арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелейді», -дейді Б. Сағынтаев.
Еске салсақ, қала биліг қазан айында да еліміздегі 90 ақын-жазушы және әдеби сыншыларға қаржы сертификаттарын табы еткен еді. Кездесуде қала басшысы жазушыларға жан жақты көмек көрсетуге уәде берген. Б.Сағынтаев өз сөзінде кітап шығаруға, Жазушылар үйін жөндеуге, шығармашылық байқаулар өткізуге әкімдік қолдау білдіретінін айтқан. Ал қаламгерлер алдағы жылы Абай мен әл-Фарабидің құрметіне өтетін мерейлі шаралар, Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге қатысты бастамалар туралы пікірлерін ортаға салды, делінген әкімдіктің ақпаратында. Осы күні Алматыда Жазушылар одағына мүше 820 жазушының 360-ы тұрып жатыр.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы