ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды

Майра Мұхамедқызы - ҚР еңбек сіңірген әртісі

Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Ақпараттық коммуникациялық орталыққа сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық Опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды», - делінген хабарламада.

Майра Мұхамедқызы - ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар университетінің музыка факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Бейжің Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.

Айта кету керек, оның репертуарындағы көптеген шығарма Қазақстан сахнасында бұрын-соңды орындалмаған.