Путин «Муз-ТВ» басшысы Арман Дәулетияровты марапаттады

Арман Дәулетияров 2010 жылы Елбасы жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды

Путин «Муз-ТВ» басшысы Арман Дәулетияровты марапаттады
фото: instagram.com/arman_dav/

Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен «Муз-ТВ» арнасының бас директоры Арман Дәулетияровты Достық орденімен марапаттады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан зор үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Муз-ТВ операциялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры, халықаралық эстрада өнері (шығармашылық одақ) қайраткерлері одағының мүшесі Дәулетияров Арман Елубайұлы Достық орденімен марапатталсын», - делінген жарлықта.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың тамызында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Арман Дәулетияровпен кездесіп, дипломатиялық миссия басшысы ресейлік «Муз-ТВ» телеарнасын 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Құрмет» грамотасын табыстады.

Оқи отырыңыз: Арман Дәулетияров ресейлік депутаттың мәлімдемесіне пікір білдірді

Сондай-ақ Арман Дәулетияров 2010 жылы Елбасы жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталса, 2017 жылы оған ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.