$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 12:02
Саясат

Арман Дәулетияров ресейлік депутаттың мәлімдемесіне пікір білдірді

Ресейлік депутат «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деп мәлімдеме жасаған еді

Арман Дәулетияров ресейлік депутаттың мәлімдемесіне пікір білдірді
фото: MuzTV

MuzTV арнасының бас директоры Арман Дәулетияров ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Парламенттің жекелеген мүшелерінің мәлімдемесі халықтар арасындағы көпғасырлық достыққа еш сызат түсіре алмайды. Саясаткерлер келеді, кетеді. Оның бәрі уақытша, ал елдер арасындағы татулық мәңгі сақталады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ресейліктердің көбі Қазақстанды «ең мейірімді көрші» деп атайды. Бұл босқа айтылған сөз емес.

... Достығымыздың тарихын болашақ ұрпағымыз жазады және бауырластығымыз әрқашан сақталады деп сенемін. Өйткені, жақсылық әрқашан жеңіске жетеді!», - деп жазды ол.

Айта кетсек, Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов телеарналардың бірінде «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деп мәлімдеме жасады. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.

Серіктес жаңалықтары