$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 03:03
Мәдениет

Абай шығармалары әзербайжан тілінде жарық көрді

Тәржімашылар Абай шығармаларын аударуға бес ай уақыт кетірген

Абай шығармалары әзербайжан тілінде жарық көрді
Фото: 24.kz

Эльхан Зал Гараханлы бастаған тәржімашылардың Абай шығармаларын аударуға бес ай уақыты кеткен. Жаңа жинақтың бірегейлігі ұлы ойшылдың барлық туындысы бір кітапқа жинақталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әзербайжан ақыны қазақ классигінің шығармалары оның көзқарасына көп әсер еткенін айтады.

«Қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласына барғанда Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аударамын деп серт берген едім. Содан Ибрагим Ильяслы екеуіміз іске бірден кірісіп кеттік. Кеңестік заманда қазақ классигінің шығармалары аударылған, бірақ олар орыс тілінен тәржімаланған еді», - дейді ақын, Махмұд Қашқари қорының жетекшісі Эльхан Зал Гараханлы.

Ақын аударма барысында қазақ тілі мен әзербайжан тіліндегі көп сөздер ұқсас екенін байқайды. Сондықтан тәржімалау кезінде көп қиындық туындаған жоқ. 

Серіктес жаңалықтары