ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Президент Қарақат Башанованы құттықтады

Қазақстандық жас талант халықаралық өнер сайысында 2 орын алды

Қарақат Башанова, Eurovision Junior 2020

Өткен түні Eurovision Junior халықаралық байқауы мәресіне жетті. Өнер сайысында Қазақстанның намысын Қарақат Башанова қорғап, екінші орын иеленді.

Бүгін Eurovision Junior 2020 байқауында сәтті өнер көрсетіп, 2 орын иеленген жас талантты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!», - деп жазды Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қарақат – балалар Евровидениесіне Қазақстан атынан қатысып отырған үшінші өнерпаз. Бұған дейін Junior Eurovision байқауында Данелия Төлешова (2018 ж.) бақ сынап, алтыншы орынға ие болды. Өткен жылы бұл сынның екінші орынын Ержан Максим жеңіп алды.