ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңға жуықтады

Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының финалына шықты

Ол «Үздік поп әнші» аталымына ұсынылған

Фото: ашық дереккөзден

3 желтоқсанда Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығы тапсырылады. Әнші Димаш Құдайберген байқаудың «Үздік поп әнші» аталымында Your love әнімен ұсынылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі байқаудың сайтына сілтеме жасап.

«Виктория» сыйлығын тапсыру рәсімі Кремль сарайында өтеді. Биыл байқауда көрермен болмайды. Алайда концерттің телевизия нұсқасы 18 қаңтарда «Россия-1» телеарнасында көрсетіледі», - деп жазылған ақпаратта.

Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немес рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 14 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған. 2020 жылы әртістердің көбі онлайн концерт қоюға мәжбүр болды. Сондықтан ұйымдастыру комитеті «Жылдың онлайн концерті» деген аталым ашты.